Қазақстан құрамасының экс-футболшысы "ЦСКА" тізгінін ұстады
Футбол
Қазақстанның бірқатар клубтарының, сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасының экс-футболшысы Кирилл Шестаков мәскеулік ЦСКА-ның әйелдер клубының жастар командасы бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Жартылай қорғаушы кезінде "Алматы", "Қайрат", "Оқжетпес", Қайсар", "Ертіс", "Восток", "Ақтөбе" және "Каспий" футбол клубтарының намысын қорғады. Оның командадағы қызметіне жанкүйерлерге "Астана" футбол клубы спорт директоры ретінде жақсы таныс әкесі Сергей Шестаков көмектеседі.