Роналдудың "Ньюкаслға" ауысуы мүмкін емес

Роналдудың
Футбол

"Ньюкасл" футбол клубының бас бапкері Эдди Хау саудиялық "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналудың келісімшартында ағылшындық командаға ауысу туралы бөлім жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Біз Криштиануға жаңа бастамасында сәттілік тілейміз, алайда оның клубқа ауысуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді Эдди Хау деп жазды журналист Бен Джейкобс өз әлеуметтік желідегі парақшаларында. 

Бұған дейін маусым қорытындысында "Ньюкасл" Чемпиондар лигасына жолдама алса, Роналду ағылшындық клуб сапына қосылуы мүмкін деп хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, келісімшарт негізінде Роналду Чемпиондар лигасында өнер көрсететін кез келен командамен келіссіөз жүргізе алатынына ерекше мән беру керек. 

Еске салайық, футболшының "Әл-Насрмен" жасасқан келісімшарты 2025 жылға дейін шақталған.