Криштиану Роналду клубын тағы ауыстыруы мүмкін

Криштиану Роналду клубын тағы ауыстыруы мүмкін
Футбол

Осыдан бірнеше күн бұрын Сауд Арабиясының “Әл-Наср” клубымен келісімшартқа қол қойған португалиялық футболшы Криштиану Роналду 2023 жылдың жазында өзге командаға ауысуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “Мarcа” басылымына сілтеме жасап. 

Саудиялық клубпен жасасқан келісімшартында Эдди Хау басқаратын “Ньюкасл” Чемпиондар лигасына жолдама алса, Роналду жалға беру құқымен команда сапын толықтыратыны жазылған. Ағылшындық клубты Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қоры қаржыландыратынын айта кету керек. 

Еске салайық, футболшы мен клуб арасында жасалған келісімшарт 2025 жылға дейін есептелген. Оның маусымдық жалақысы - 200 млн еуро.