Пике мансабын қайта жандандырмақ
Футбол
2022 жылдың қарашасында үлкен футболмен қош айтысқан Жерар Пике мансабын қайта жандандырмақ. Ол өзі басқаратын "Андорра" клубында өнер көрсетуге ниетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Relevo" басылымына сілтеме жасап.
Алайда футболшыға екі нәрсе кедергі келтіріп тұр.
Біріншісі - Пикенің жалақысы. Футболшы мансабын аяқтағанымен, әлі де болса "Барселона" құрамында тіркеліп тұр және ол 20 миллион еуродай жалақы алып отыр.
Екінші себеп - Испанияның екінші дивизионында өнер көрсететін "Андорраның" Пикеге минималды жалақыны төлей алмауы. Ла Лига комитеті 35 жастағы футболшының жалақысын тексереді, содан кейін клубтың Пике сынды ойыншыға шамасы келетіні не келмейтіні анықталады.