Аргентинада Лионель есімін алған сәбилердің саны артқан

Аргентинада Лионель есімін алған сәбилердің саны артқан
Футбол

2022 жылы Катарда өткен футболдан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы әлем Кубогы иегері атанғаннан кейін, жаңа дүние есігін ашқан сәбиіне команда капитаны Лионель Мессидің есімін беру жағдайы күрт өскен, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Әлем чемпионатының финалынан кейін Лионель есімі қойылған нәрестелердің саны өткен айлармен салыстырғанда 700%-ға артқан. Бұған дейін Аргентина халқы Мессиді ел президенті етіп сайлауға да дайын екендігін көрсеткен. Ал Мессидің Катардағы әлем чемпионаты кезінде тұрған бөлмесі алдағы ууақытта мұражайға айналмақ. Даңқты футболшының мансабындағы ең маңызды жетістігін жанкүйерлер осылай ұлықтамақ.

Айта кетелік, Мессидің өзі Аргентина 1986 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін бір жылдан соң дүниеге келген. Ал оңтүсті америкалықтардың сол жылғы жеңісінде Диего Марадонаның сіңірген еңбегі зор.