Модрич “Реалда” қалады

Модрич “Реалда” қалады
Футбол

Роналдудың жаңа клубы “Әл-Наср” хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модричке де қызығушылық танытқан. Алайда футболшы бұл ұсыныстан бас тартқан, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Енді Катардағы әлем чемпионатының қола жүлдегері мадридтік “Реалдағы” мансабын жалғастыруды жоспарлап отыр. Ол клубпен 2024 жылға дейін жалғасатын жаңа келісімшартқа қол қоюы мүмкін. 

Еске салайық, Модрич “Реалда” 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.