Месси тұрған бөлме мұражайға айналмақ

Месси тұрған бөлме мұражайға айналмақ
Футбол

Футболдан Аргентина ұлттық құрамасының шабуылышсы, 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Лионель Мессидің біріншілік кезінде тұрған қонақүй бөлмесі мұражайға айналмақ, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "RMC Sport" басылымына сілтеме жасап. 

Екі бір адамдық жатын орны, жұмыс үстелі, креслолар мен диваны бар бөлме кішігірім мұражайға айналады. Бұл ой авторлары әлем чемпионаты кезіндегі бөлме интерьерін барынша сақтап қалуға тырысады деп жоспарланып отыр. Лионель Месси тұрған В201 бөлмесінің есігіне Аргентина елтаңбасы мен "Л.Месси" жазуы жазылады. Мұражайдың ашылар уақыты әзірге белгісіз.