Майкл Шапю маусым соңына дейін қатардан шықты

Хоккей
Астаналық "Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Майкл Шапю команданың осы жолғы сырт айдындағы ойындарына аттанған жоқ. ол тағы да жарақат алып, енді маусым соңына дейін қатардан шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Держи передачу" Telegram арнасына сілтеме жасап.
Бұл - оның соңғы үш айға жетпейтін уақытта алған төртінші жарақаты. Осы маусымда 30 жастағы канадалық спортшы ҚХЛ тұрақты маусымында 10 кездесуге қатысып, 3 (3+0) ұпай еншілеген. оның пайдалылық көрсеткіші "-3".
"Барыстың" "Авангардқа" (2:5) қарсы өткізген матчынан кейін болған баспасөз конференциясында команданың бас бапкері Андрей Скабелка Майкл Шапю туралы:
"Ол біздің басты ойыншыларымыздың біріне айналды. Оның әлеуеті жоғары еді. Ол шабуылда да, қорғаныста да жақсы ойнайды. Майкл Шапю мен Нельсон Ножьенің жоқтығы бүгінгі ойында айтарлықтай сезілді. Өкінішке қарай, Майкл Шапюдің осы маусымда командаға көмектесе алуы екіталай", - деді.