Егор Петухов маусымда екінші рет Лакросс гол соқты

Егор Петухов маусымда екінші рет Лакросс гол соқты
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында астаналық "Барыс" сырт айдында омбылық "Авангардпен" ойнап жатыр. Осы матчтың екінші кезеңі барысында Лакросс стиліндегі гол соғылды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Елордалық "Барыс" шабуылшысы Егор Петухов екінші кезеңде қарсылас қақпасына Лакросс стилінде гол соғып, команданың есепті теңестіруіне көмектесті - 2:2. Қазақстандық хоккейші осымен екінші рет осындай стильде гол соғып тұр. Бұған дейін спортшы уфалық "Салават Юлаевтың" қақпасына Лакросс стилінде гол соққан болатын.

Қазір командалар екінші үзіліске аттанды. Есеп әзірге 3:2, айдын иелері - "Авангард" командасы алда.