"Сарыарқа" қатарынан екінші рет жеңіліс тапты

Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымы аясында қарағандылық "Сарыарқа" өз айдынында "Номадты" қабылдап, овертаймда жеңіліс тапты. Бұл - кеншілер қаласы командасының қатарынан екінші рет жеңіліс табуы, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Сарыарқа" (Қарағанды) - "Номад" (Астана) 2:3 ОТ (2:0, 0:1, 0:2) 

1:0 - 01:15 - Клещенко (Исмагилов, Лагунов)

2:0 - 08:23 - Расулов (Чапоров)

2:1 - 24:09 - Макеев (Нұрғалиев, Бутенко)

2:2 - 44:01 - Мухаметов (Бутенко, Нұрғалиев) СБШ

2:3 - 61:32 - Недилько (Мұратов, Гурков)

Қақпашылар: Микушин - Павленко