Футболдан алты айға аластатылатындардың есімі жария болды
ФИФА Уругвай ұлттық құрамасының ойыншылары Эдинсон Кавани мен Хосе Мария Хименеске қарсы қатаң жаза қолдануы мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Олар Катардағы әлем чемпионатында Ганаға (2:0) қарсы болған ойыннан кейін жасаған әрекеттері үшін футболдан алты айға дейін шеттетілуі мүмкін.
Топтық кезеңдегі матчтың соңында бас төреші Гана қақпасына пенальти тағайындамаған, бұл уругвайлық футболшылардың ашуын тудырған. Кавари VAR мониторын тепсе, Хименес ФИФА өкіліне қол көтерген. Егер Уругвай Ганаға тағы бір гол соққанда, турнирлік кесте Оңтүстік Кореяны басып озып, плей-офф кезеңіне жолдама алар еді.
ФИФА Уругвай футбол федерациясына жағдайды өз тарапынан түсіндіруге 9 қаңтарға дейін уақыт берген. Ал ФИФА Тәртіп комитетінің шемімі ақпан айы соңынан ертерек белгілі болмайды. Спортшылар не алты айға футболдан шеттетіледі, не 10-15 матч бойы ұлттық құрама сапында өнер көрсете алмайды.