Бензема әлем чемпионатына шақырту алмайтын еді, егер ...

Бензема әлем чемпионатына шақырту алмайтын еді, егер ...
Футбол

Футболдан Франция командасының бас бапкері Дидье Дешам шабуылшы Карим Бенземаны әлем чемпионатында өнер көрсететін құрама сапына шақырғысы келмеген. Алайда оның шақырту алуына мадридтік "Реал" сапында ойнайтыны ықпал еткен, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл туралы журналист Роман Малина мәлімдеді. Сондай-ақ оның сөзінше, кейбір ойыншылар бұл шешімге қарсылық танытқан. Оның ішінде Поль Погба мен Оливье Жиру Бенземаның әлем чемпионатына қатысатынына қарсы болған. Сонымен қатар Антуан Гризманн мен Уго Льористе де Дешамның Бенземаны ұлттық құрамаға шақырту шешіміне қолдау көрсетпегендердің қатарында.