Әлем чемпионатының үздік голын кім соқты?

Әлем чемпионатының үздік голын кім соқты?
Футбол

ФИФА ресми сайты Катардағы әлем чемпионатының үздік голына үміткерлердің тізімін жариялады. Ришарлисон соққан екі гол осы қатарға енді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Мундиальдің үздік голын соққан футболшы атағына үміткер ондық келесідей:

- Салем Әл-Давсари (бірінші тур ойындарында Сауд Арабиясының Аргентина қақпасына соққан голы);

- Ришарлисон (Бразилия, бірінші турда Сербияға, 1/8 финалда Оңтүстік Кореяға соққан голдары); 

- Коди Гакпо (Нидерланд, 2-турда Эквадорға соққан голы);

- Энцо Фернандес (Аргентина, 2-турда Мексика қақпасына соққан голы);

- Венсан Абубакар (Камерун, 2-турда Сербияға соққан голы);

- Луис Чавес (Мексика, 3-тур ойындарында Сауд Арабиясы қақпасына соққан голы);

- Килиан Мбаппе (Франция, 1/8 финалда Польшаға соққан голы);

- Пэк Сын Хо (Оңтүстік Корея, 1/8 финалда Бразилия қақпасына соққан голы); 

- Неймар (Бразилия, ширек финалда Хорватияға соққан голы). 

Еске салайық, биылғы әлем чемпионатында 32 құрама команда Мундиальдарда соғылған голдардың рекордын жаңартты. 1998 және 2014 жылдары әлем біріншіліктерінде 171 гол соғылса, биыл командалар 172 нәтижелі соққы жасаған.