Месси бейнесі бар банкнот айналымға шығады

Месси бейнесі бар банкнот айналымға шығады
Футбол

Аргентинаның ұлттық банкі футболдан елдің құрама командасының капитаны Лионель Мессидің бейнесі бар банкнот шығару жолдарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Месси 1000 песо қағаз банкнотына бейнеленеді деп жоспарланып отыр. Оған себеп - банкнот номиналының "10" санынан, яғни Месси жейдесінің нөмірінен басталуы. Ақшаның келесі бетінде "La Scaloneta" - Аргентина ұлттық құрамасының бас бапкері Лионель Скалонидің лақап атын жазу жоспарда бар көрінеді. 

Еске салайық, 18 желтоқсан күні Аргентина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында пенальти сериясында Францияны жеңіп кетті. Бұл матчта Месси дубль авторы атанды және пенальтиде бір гол соқты. Ал Катардағы әлем чемпионатында команда капитаны 7 кездесуде жеті гол соғып, турнирдің үздік ойыншысы атанды.