Аркадий Шестаков "Авангардқа" қарсы ойынның үшінші жұлдызы атанды

Аркадий Шестаков
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында өткен "Барыс" - "Авангард" (1:3) ойынынан кейін, матч жұлдыздары анықталды. "Барыс" шабуылшысы және команданың жалғыз голының авторы Аркадий Шестаков матчтың үшінші жұлдызы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

1. Дамир Шарипзянов 1 гол соғып, 4 соққыға тосқауыл болған.

2. Василий Демченко 25 соққыны кері қайтарған.

3. Аркадий Шестаков бір гол соққан, қарсылас қақпасына 4 соққы жасаған және 16 рет нүктеге түсіп, оның тоғызын өз пайдасына жазған.