Гвардиол "Реал" клубына келуі мүмкін

Гвардиол
Футбол

Мадридтік “Реал” “РБ Лейпциг” командасында ойнап жүрген Йошко Гвардиолды сатып алғысы келеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Испаниялық тілшілер “Реал” ойыншы бойынша ұсынысты неміс командасына дайындап жатқанын мәлімдеді. Йошко Катарда өткен әлем чемпионатында үздік футболшылардың бірі болған еді. Мамандар хорватиялық жас талант алдағы уақытта әлемнің ең үздік қорғаушысы болады деп болжап отыр. 

Бұған дейін Гвардиолға лондондық “Челси” қызығушылық танытқан.

Хорватия ұлттық құрамасы Катарда өткен әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.