"Астана" футбол клубының бұрынғы ойыншысының "Спартакта" қанша айлық алатыны белгілі болды

Футбол

Кезінде "Астана" футбол клубында ойнаған Неманья Максимовичтің мәскеулік "Спартакта" қанша айлық алатыны мәлім болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Ресейлік порталдардың мәліметінше, егер Максимович "Спартак" клубына ауысса, жылына 1,5 млн еуро алады. Сонымен қатар Неманьяның агенті келісімшартқа жетістіктер болған жағдайда түрлі бонустарды да қоспақ.

Сербиялық жартылай қорғаушы Неманья Максимович 2015-2017 жылдары "Астана" командасында ойнаған. Содан кейін испаниялық "Валенсияға" ауысқан еді. Бүгінде ол испаниялық "Хетафе" командасында ойнап жүр. Биылғы Катардағы әлем чемпионатында Максимович Сербия құрамасы сапында топтық кезеңдегі барлық ойындарға қатысқан болатын. Айта кетейік, Неманья 2015 жылы Сербия құрамасымен жастар арасындағы әлем чемпионы атанған.