Андрей Скабелка: Борисевичке қызығушылығымыз бар

Андрей Скабелка: Борисевичке қызығушылығымыз бар
Хоккей

«Барыс» - «Авангард» (1:3) матчынан кейін командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Михаил Кравец, «Авангард» ХК бас бапкері

- Қиын матч. Екі команда да жоғары жылдамдықтарды ойнады, күрес көп болды және бір-біріне дес бермеді. Бірден есепті теңестіре алғанымыз қуантты. Бұл маңызды сәт, бірінші кезеңде гол соғып, қайта тепе-теңдік орнаттық. Екінші жиырма минуттық та тең дәрежеде өтті. Алғашқы кезеңнен кейін дұрыс қорытынды шығарып, қорғаушыларды қолдану арқылы гол соқтық. Ал ойын бірінші жиырма минуттықпен салыстырғанда, ойынымыз түзелді. Үшінші кезеңде жігіттер барлық жағынан жақсы өнер көрсетті. «Барысқа» қарсы ойнау әрдайым қиын, әсіресе кем құрамдағы ойын кезінде. Бірақ бүгін команда алға қойған барлық мақсатқа қол жеткізді. Олар қиын жағдайдың себебін емес, жеңіске жету үшін одан шығатын жолды іздеді. Жеңіс құтты болсын! Демченко жақсы өнер көрсетті. Жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын. Алға қарай ұмтылуды жалғастырамыз.

- Сырт көзге командалар бірінші кезеңде аса белсенді ойнамағандай көрінді. Екінші жиырма минуттықта ғана ойынға жан біткендей сезілді, әлде сырт көзге ғана солай көрінді ме?

- Сіздің ойыңызбен келісемін. Бірінші кезеңде екі команда да жүзеге асыруға болатын сәттерді іздеді. Күрес көп болды және жылдамдықтар жоғары болмағандай көрінді. Ал екінші және үшінші кезеңдерде командалар қарқынды жылдамдықта сапалы пас беріп, сенімді ойын көрсетті.

Андрей Скабелка, «Барыс» ХК бас бапкері

- Матчты айтарлықтай жақсы деңгейде бастадық. Бірінші кезеңде жақсы ойын көрсетіп, бірнеше мүмкіндік жасап, гол соқтық. Ойынға қайта оралуға бойымыздан күш таба білдік. Қорытынды жиырма минуттықта командалар тең дәрежеде ойнады деуге болады, жүзеге асыруға болатын сәттер болды. Артық құрамдағы ойынымыз әлсіз болғанын атап өткім келеді. Мұндай матчтарда қақпаға көп соққы жасап, сан басымдығы кезінде ойын тағдырын шешуге талпыну керек. Командадан осы тұсқа мән беруді сұрадық. «Авангард» кем құрамда жақсы ойнады ма, әлде біз сапасыз ойын көрсеттік пе осыны анықтап, қайта қараймыз. Жеңіліске, әрине, көңіліміз толмайды.

- «Сарыарқа» шабуылшысы Борисевич «Барыс» сапын толықтырады деген сыбыс бар. Ұлттық құрама ойынына қорытынды жасалды ма?

- Александрды көптен бері бақылап жүрмін. «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасының финалында ойнаған кезде, матчқа арнайы бардық. Ол шақта жақсы ойын қабілеттері болғанымен, жас болды. Қазіргі таңда Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені болғандықтан, ұлттық құрамаға шақырту алды. Беларусь және Ресей құрамаларымен болған ойындарда өзін қалай көрсететінін байқап, сынап көргіміз келді. Жақсы әсер қалдырды. Оған даму керек деп ойлаймын, оның жасы да соны талап етеді. Өйткені, 24 жас – нағыз алға қарай ұмтылатын шақ, сондықтан біздің тарапымыздан оған қызығушылық бар.