Ди Мария әлем чемпионы атанатынына тәулік бұрын сенімді болған

Ди Мария әлем чемпионы атанатынына тәулік бұрын сенімді болған
Футбол

Аргентина ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Анхель Ди Мария әлем чемпионы атанатынын тәулік бұрын сезіп, жеңіске жететініне және финалда гол соғатынына сенімді болған. Футболшы бұны жары Хорхелинаға Кардосоға хабарлама арқылы жазып жіберген. Мундиаль аяқталғаннан кейін, Хорхелина Кардосо осы хабарламамен әлеуметтік желідегі парақшасында қалың көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Анхель Ди Мария сенбі күні жолдасына WhatsApp арқылы жолдаған хабарламасында:

"Мен әлем чемпионы атанамын. Бұл тағдырыма жазылып қойған. "Маракана" мен "Уэмблидегідей" ертең финалда гол соғамын, өйткені бұл да алдын ала шешілген. Ертеңгі ойыннан ләззат ал, себебі біз әлем чемпионы атанамыз. Біз мұнда 26 ойыншымыз және біз де, біздің отбасымыз да осы жеңіске лайық", - деп жазған. 

2022 жылдың 1 маусымы күні Лондондағы "Уэмбли" стадионында Финалиссима кубогының финалы өтіп, Италия мен Аргентина құрамалары арасындағы матчта (3:0) екінші голды Анхель Ди Мария соғады. Ал 2021 жылғы Америка кубогының финалында бір ғана дәл соққы жеңімпазды анықтауға көмектескен. 1993 жылдан бері Америка кубогын иелене алмай келе жатқан Аргентинаның жеңіске жетуіне Анхель Ди Марияның голы көмектескен. Ал Катардағы әлем чемпионатының финалында Ди Мария Франция қақпасына екінші голды соққан болатын.