Дешамның тағдыры не болмақ?
Футбол
Футболдан Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам команданың тізгінін 2026 жылға дейін ұстауға дайын. Бұл туралы франциялық басылымдар жазды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ол үшін Франция футбол федерациясы Дидье Дешамға жаңа келісімшарт ұсынуы керек. Ал бапкер мен Федерация арасындағы қазіргі келісімшарт 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін шақталған. Қазір екі тарап келіссөздер жүргізіп жатыр.
Дидье Дешам бас бапкер болған кезде Франция ұлттық құрамасы Ұлттар Лигасы мен 2018 жылғы әлем чемпионатын жеңді. Ал биылғы Мундиальдың финалында Аргентинадан жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.