Әлемге алтын стейк жасаумен танылған аспаз Нусрет Гекче ФИФА-ның басты ережесін бұзды
ФИФА ережесі бойынша бөгде адамдарға әлем кубогын ұстауға рұқсат етілмейді. Алайда Аргентина мен Франция құрамалары арасындағы финалдық матчтан кейін бұл ереже бұзылды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Әлемге стейк жасап әйгілі болған түрік аспазы Нусрет Гекче ойын біткеннен кейін алаңға шығып, спортшылардың, оның ішінде Лионель Мессидің мазасын алған. Капитанмен суретке түскеннен кейін, аспаз өзге футболшылардың қолынан әлем кубогын алып, ФИФА-ның басты ережесін бұзған.
Нусрет Гекченің финалдық ойынға арнайы шақырылмағаны белгілі. Сондықтан оның кубокты ұстап түскен суретінің бәрі ережеге қайшы саналады.
Айта кетейік, Нусрет Гекче дайындаған стейктер футболшыларға қатты ұнайтын көрінеді. Оның әлеуметтік желіге “алтын стейктерімен” салған бейнежазбалары аспазды әлемге әйгілі етті.