“Барыстың” қос ойыншысы “Нефтехимикке” қарсы ойынның жұлдызы атанды

“Барыстың” қос ойыншысы “Нефтехимикке” қарсы ойынның жұлдызы атанды
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы “Нефтехимик” пен “Барыс” арасындағы (1:3) ойыннан кейін, матч жұлдыздарын анықтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Лигадағы алғашқы шайбасын соққан және дубль жасаған Майкл Шапю матчтың бірінші жұлдызы атанды. Ал астаналық клубтың жеңіс шайбасын соққан шабуылшы Джеремии Бракко ойынның екінші жұлдызы деп танылды. Матч есебін ашқан “Нефтехимик” шабуылшысы Ансель Галимов ойынның үздік үшінші ойыншысы атанды.