Бензема ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Бензема ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Футбол

Футболдан Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Карим Бензема ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады. Бұны футболшының өзі әлеуметтік желідегі парақшаларында мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Мен бүгінгі күніме жету үшін көп тер төктім және қате де жібердім. Бұны мақтан тұтамын! Мен өзі тарихымды жаздым және біздің ортақ тарихымыз соңына келді", - деп жазды Карим Бензема "Twitter" әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Еске салайық, Карим Бензема әлем чемпионаты басталған күні жарақат алған болатын. Дидье Дешам оның орнына өзге ойыншыны шақырған жоқ, оған қоса Бенземаның жарақатынан болжанған уақыттан ерте айыққанына қарамастан, команда сапына қосқан жоқ. 

Франция құрамасы Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентинадан (3:3, 4:2 - пенальти) жеңіліп, алтын қол созым жерде қалды.