Анхель Ди Мария бірегей рекордтың иесі атанды
Футбол
Футболдан Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Анхель Ди Мария 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Франция қақпасына соғылған екінші голдың авторы. Бұл нәтижелі соққы Ди Марияның футбол тарихындағы бірегей рекордтың иесі атануына көмектесті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
34 жастағы аргентиналық футболшы маңызды турнирлердің финалдық матчтарында гол соққан алғашқы ойыншы атанды. Ди Мария 2008 жылғы Олимпиада ойындарының финалында Нигерияға қарсы ойында, 2021 жылы Америка кубогының шешуші матчында Бразилия қақпасына гол соққан. Одан бөлек, ол Финалиссима, Франция суперкубогы мен Франция лигасының кубогы финалдық ойындарындағы нәтижелі соққының авторы атанған.