Отандық футболшының үйлену тойында қонақтар әлем чемпионатын тікелей эфирден көрді

Отандық футболшының үйлену тойында қонақтар әлем чемпионатын тікелей эфирден көрді
Футбол

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және ресейлік "Зенит" командасының қорғаушысы Нұралы Әліп шаңырақ көтерді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалымен тұспа-тұс келген тойда қонақтар матчты тікелей эфирден көрген. Видеодан Аргентина ұлттық құрамасының чемпион атанғаны белгілі болған сәтте күйеу жігіт Нұралы Әліптің орнынан атып тұрып қуанғанын көруге болады. 

Еске салайық, Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина Францияны пенальтиде 4:2 есебімен жеңіп, өз тарихында үшінші рет әлем кубогының иегері атанды.