Месси Марадонаны тағы да басып озды

Месси Марадонаны тағы да басып озды
Футбол

2022 жылғы әлем чемпионы Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасындағы кубоктары санынан Диего Марадонаны басып озды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Аргентина ұлттық құрамасы әлем чемпионатының финалында Францияны 3:3, пенальтиде 4:2 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды. Бұл лионель Мессидің ұлттық команда сапындағы үшінші кубогы. 2021 жылы Месси Америка кубогын, 2022 жылы Финалиссиманы жеңді. Ал даңқты Диего Марадона 1986 жылы әлем чемпионы атанса, 1993 жылы Артемио Франко (Финалиссима кубогының аналогы) кубогын иеленген.