“Барыс” ойыншысы ҚХЛ үздік орталық шабуылшыларының қатарына кірді

“Барыс” ойыншысы ҚХЛ үздік орталық шабуылшыларының қатарына кірді
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы биылғы тұрақты маусымның үздік орталық шабуылшыларының тізімін жариялады. Шайбаны ойынға қосуда жеңіске жеткен көрсеткішкі бойынша көш бастаған ойыншылардың қатарында “Барыс” шабуылшысы Аркадий Шестаков бар, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Нүктедегі нәтижелі ойыны 61,2 %-ды көрсеткен астаналық клубтың орталық шабуылшысы Аркадий Шестаков үздік үштікті түйіндеп тұр.

Шайбаны ойынға қосу сәтінде көп жеңіске жеткен топ-10 орталық шабуылшы:

1. Патрис Кормье (Автомобилист) - 66,2% (302/456)

2. Эрик О’Делл (Динамо Мәскеу) - 64,7% (341/527)

3. Аркадий Шестаков (Барыс) - 61,2% (230/376)

4. Андрей Стась (Трактор) - 61,2% (240/392)

5. Донат Стальнов (Сочи ХК) - 61% (191/313)

6. Кирилл Семёнов (Ақ Барс) - 60,9% (340/558)

7. Георгий Иванов (Локомотив) - 60,7% (287/473)

8. Джордан Уил (Динамо Мәскеу) - 60,5% (193/319)

9. Максим Шалунов (Локомотив) - 60,5% (267/441)

10. Корбэн Найт (Авангард) - 59,9% (425/709) 

Бұл статистиканы жасауда нүктеге 200-ден көп рет түскен ойыншылар алынғанын еске салайық.