Қазақстан құрамасы қатысатын 3х3 турнирінің жарыс кестесі

Қазақстан құрамасы қатысатын 3х3 турнирінің жарыс кестесі
Хоккей

Бүгін Мәскеуде өтіп жатқан “Бірінші арна кубогының” аясында 3х3 форматтағы турнир өтеді. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қытай құрамалары қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Турнир Астана уақытымен 22:00-де басталады. Жарыстың алғашқы матчы Беларусь пен Қытай құрамалары арасында өтеді.

Ал 22:50-де Қазақстан құрама командасы Ресеймен бақ сынасады.

23:40-та қола жүлдені сарапқа салатын матч болса, 00:30-да финалдық кездесу өтеді. 

Бұл, 3х3 форматындағы турнирге әр команда 15 хоккейшіні қатыстыра алады. Құрамалар 7 минуттан тұратын 3 кезең ойнайды.

Назарларыңызға Қазақстан құрамын ұсынамыз:

Қақпашылар: Никита Бояркин (“Барыс”), Денис Каратаев (“Сарыарқа”)

Қорғаушылар: Самат Данияр (“Барыс”), Валерий Орехов (“Металлург Магнитогорск”), Эмиль Нұрғалиев (“Номад”), Кирилл Полохов (“Арлан”).

Шабуылшылар: Александр Борисевич (“Сарыарқа”), Батырлан Мұратов, Михаил Рахманов, Аңсар Шайхмедденов, Дмитрий Шевченко (барлығы - “Барыс”), Максим Мухаметов (“Номад”), Артем Лихотников (“Арлан”), Кирилл Панюков (“Ақ Барс”). 

Бапкерлер: Федор Полищук, Александр Шимин. 

Қазақстан ұлттық құрамасының мұндай турнирге алғаш рет қатысатынын еске сала кетейік.