Финал алдында Франция ойыншылары тұмаудан айығар емес

Финал алдында Франция ойыншылары тұмаудан айығар емес
Футбол

Әлем чемпионатының шешуші кезеңінің алдында Франция ұлттық құрамасында тұмау инфекциясы кең тарап, енді жартылай қорғаушы Кингсли Коман ауру жұқтырған. Оның финалға қатысу-қатыспауы белгісіз, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "United Press International" басылымына сілтеме жасап. 

Франция ұлттық құрамасының футболшылары "Түйе тұмауын" жұқтырған деп болжанып отыр. Бұл ауру жануардан адамға жұға алады. Бұған дейін Адриен Рабьо мен Дайо Упамеканоның осыған ұқсас аурумен күрескені белгілі болған. Қазір ойыншылар жалпы топтағы жаттығуға кірісті. 

Ал Кингсли Коман осы әлем чемпионатында 4 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.