Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтыншы орынға тұрақтады

Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтыншы орынға тұрақтады
Басқа

Қазақстандық Артем Антропов Боготада (Колумбия) өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтыншы орын алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Olympic.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Артем Антропов 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Қос сайыс қорытындысы бойынша Артем 385 (163+222) келі көтерді. Осылайша алтыншы орынға жайғасты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан командасының қоржынында екі медаль бар. Алексей Чуркин "қола", ал Нұрғиса Әділетұлы "күміс" медальін жеңіп алды.