Виктор Кумыков "Қайсардың" тізгінін ұстады

Виктор Кумыков
Футбол

Келер маусымда Премьер-Лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алған "Қайсар" футбол клубының бас бапкері қызметіне Виктор Кумыков тағайындалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Қызылорда менің ыстық ұям десем де болады. 20 жылдан кейін қайта оралуға мүмкіндік алдым. Аймақ басшысы, Сыр жанкүйерлері сенім артып, жауапты қызметтің тізгінін ұстатты. "Қайсардың" алға қойған мақсатын жүзеге асыруда аянып қалмаймын. Алда үш оқу-жаттығу жиынын өткізіп, чемпионатқа тыңғылықты дайындық жүргзіеміз", - деді Виктор Кумыков. 

Ол бұған дейін қызылордалық "Қайсарда" бас бапкер қызметін атқарған. Одан бөлек, ол қазақстандық "Елімай", "Есіл", "Шахтер", "Ордабасы", "Атырау", өзбекстандық "Мащьал", "Насаф", "АГМК", "Андижан" клубтарған жаттықтырған тәжірибелі маман. Еліміздің футбол тарихында қазақстандық клубтың тұңғыш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жеткізген бапкер және Виктор Кумыков үш мәрте Қазақстанның үздік бапкері атанған. "Шахтер" клубының бас бапкері болған кезде, екі рет Премьер-Лига чемпионы атанып, Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.