Лионель Скалони: "Бізді қиын матч күтіп тұр"

Лионель Скалони:
Футбол

Футболдан Аргентина ұлттық құрамасының бас бапкері Лионель Скалони әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесуі алдында Хорватияға қарсы болар ойын пікірімен бөлісті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі tycsports.com басылымына сілтеме жасап. 

"Жақсы командаға қарсы ойнаймыз әрі бұл күрделі матч болмақ. Хорватия - жақсы командалық ойын көрсететін құрамалардың бірі, сондықтан оларға қарсы ойнау әрдайым қиын. Биылғы чемпионатты өткен Мундиальмен салыстырудың мәні жоқ деп ойлаймын. Бірақ, Хорватияның жақсы құрама команда екеніне сенімдімін және оларға қарсы ойнау бізге де қиын болады", - деді Лионель Скалони. 

Аргентина мен Хорватия құрамаларының әлем чемпионаты финалдық жолдамасын сарапқа салатын кездесуі бүгін Астана уақытымен 01:00-де өтеді.