Ливакович Нойерді алмастыруы мүмкін

Ливакович Нойерді алмастыруы мүмкін
Футбол

Хорватия құрама командасының қақпашысы Доминик Ливакович мюнхендік "Баварияның" құрамына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Неміс клубының негізгі қақпашысы Мануэль Нойер шаңғы теуіп жүріп жарақат алып қалған болатын. Енді оның алмастыра алатын қақпашы керек. Сондықтан "Бавария" әлем чемпионатында Хорватияны жартылай финалға алып шыққан Доминик Ливаковичке көз тігіп отыр. 27 жастағы қақпашы загребтік "Динамода" ойнады. Келісімшарты 2024 жылға дейін шақталған. Алайда хорватиялық клуб "Баварияның" ұсынысынан бас тартуы екіталай.

Сонымен қатар "Бавария" Коста-Рика құрамасының қақпашысы Кейлор Навасты да қарастырып жатыр. ПСЖ клубында қосалқы құрамда отырған Навас немістержің ұсынысын қуана қабылдауы мүмкін.