"Бір апта бұрын тіземнен жарақат алдым": Әлем чемпионы атанған Ангелина Лукас мәлімдеме жасады

Бокс

Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде UBO бойынша аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағын Лулу Кайагемен (Танзиния) сарапқа салған қазақстандық былғары қолғап шебері Ангелина Лукас Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеңісі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Тарихты оқып ғана емес, жазу керек, оны тек армандаудан қорықпайтын адамдар ғана жазады. Бүгінгі кездесу менің мансабымдағы ең қиын, психологиялық тұрғыдан қиын жекпе-жек болды. Бір апта бұрын жаттығу кезінде тіземді жарақаттап алдым, тіпті дұрыс жүре алмадым. Күн сайын жарақатымнан тез айығуды қаладым, сұрадым. Бұл жекпе-жектен бас тарта алмадым және барлық қиындықтарды жеңіп, жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. 

Елің, командаң мен саған сенетін және қоладу көрсететін халқың үшін күрескенде бәрі мүмкін. Рақмет, Қазақстан!", - деп жазды Ангелина Лукас.