Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы жеңісті жолын жалғастырды

Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы жеңісті жолын жалғастырды
Бокс

Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетіп, UBO бойынша аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасқан қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас жеңіске жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Әлем чемпионы атағы үшін таласты Ангелина Лукастың қарсыласы танзаниялық былғары қолғап шебері Лулу Кайаге болды. Бұл кездесу 10 раундқа есептелгенімен, екінші үш минуттықта-ақ өз мәресіне жетті. Өйткені, қазақстандық кәсіпқой боксшының қарсыласы әрі қарай жұдырықтаса алмайтынын мәлімдеді. Сөйтіп, қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.