Дешамның бапкерлік қызметтен кетер ойы жоқ
Футбол
Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам командадағы бапкерлік қызметін кем дегенде 2024 жылға дейін жалғастырады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі leparisien.fr басылымына сілтеме жасай отырып.
Дидье Дешам Франция ұлттық құрамасын Еуро-2024 ойындарына дайындап, чемпиондық атақты жеңіп алуға ниетті. Сондай-ақ дереккөз Францияның футбол федерациясы бас бапкердің қызметіне көңілі толып, оған толық сенім артатындығын жазады.
Франция ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына өтіп, финалдық жолдаманы Мароккомен сарапқа салатынын еске сала кетейік.