Фернандеш пен Пепенің неге көңілі толған жоқ?

Фернандеш пен Пепенің неге көңілі толған жоқ?
Футбол

Футболдан Португалия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш мен орталық қорғаушысы Пепе Мароккоға (0:1) қарсы болған ойында аргентиналық төрешінің төрелік еткеніне қарсы болғандарын жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Португалиялық футболшылар Мароккодан сенсациялық жеңіліс тапқаннан кейін, эмоцияларын ұстай алмай, аргентиналық төреші Факундо Тельоның жұмысына көңілі толмайтындықтарын және ол команданы бір пенальтиден айырғандығын айтты. Мачтан кейін берген сұхбатында Бруну Фернандеш:

"Аргентина ұлттық құрамасының жарыс жолы жалғасып жатқанына қарамастан, Мароккоға қарсы ойынымызда сол елдің өкілі төреші болғаны қызық болды. Португалия төрешілерінің жоғары деңгейде жұмыс істейді, алайда олар мұнда жоқ.

Аргентиналық арбитрлар чемпиондардың ойынына төреші болмайды, өйткені олар мұндай матчтардың жыладмдығына үйренбеген. Бірінші таймда маған пенальти соққысы тағайындалуы керек еді. Мен ешқашан әдейі құлаған емеспін және құламаймын да. Ол жағдайда тек мен және қақпашы қалды", - деді. 

Одан кейін Пепе де аргентиналық төрешінің жұмысына көңілі толмайтындығын айтып, пікірін білдірді: 

"Матчта аргентиналық төрешінің қызмет етуі дұрыс емес. Әсіресе, Мессидің кеше айтқан сөздерінен кейін. Төреші екінші таймға тек 8 минут қосты, алайда ойын барысында үзіліс көп болды. Арбитрдің дайындығы нашар демеймін, бірақ ойынның екінші жартысындағы әрекеттерін қалай түсінуге болады? Әрине, жеңілістен кейін көңіл-күйіміз түсіңкі, тіпті мүлдем жоқ екені түсінікті. Бүгінгі матчта лайықты өнер көрсеткен жалғыз команда - Португалия. Жеңіске жетуге талпынғанымызбен, ол біздің қолымыздан келмеді". 
Осы тұста Мессидің ширек финалда Нидерланд еліне (2:2, 4:3 - пенальти) қарсы өткізген матчтан кейін испаниялық төреші Антонио Матеу Лаостың жұмысына қатысты айтқан пікірін келтіре кеткен жөн болар:

"Испания биылғы әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады. Арбитр біздің де испаниялықтардың ізінен ергенімізді қалаған сияқты", - деді Лионель Месси.