Хорватия мен Бразилия құрамалары бастапқы құрамдарын жария етті

Хорватия мен Бразилия құрамалары бастапқы құрамдарын жария етті
Футбол

Футболдан Катардағы 2022 жылғы әлем чемпионатының алғашқы ширек финалдық матчы Хорватия мен Бразилия құрамалары арасында өтеді. Командалардың Астана уақытымен 21:00-де басталатын ойынның алғашқы минутынан бастап алаңға шығатын құрамы жарияланды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Хорватия құрамасы: Ливакович, Юранович, Ловрен, Гвардиол, Соса, Брозович, Ковачич, Модрич, Пашалич, Крамарич, Перишич.

Бразилия құрамасы: Алиссон, Милитао, Маркиньос, Силва, Данило, Каземиро, Пакета, Неймар, Рафинья, Ришарлисон, Винисиус. 

Биылғы әлем чемпионатының алғашқы ширек финалдық ойынын "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.