Хорватия құрамасы пенальтиде жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды

Хорватия құрамасы пенальтиде жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды
Футбол

Футболдан Катардаңы әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алатын тағы бір команда анықталатын матчта Жапония мен Хорватия құрамалары кездесіп, жеңімпаз команда пенальти соққысында анықталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Матчтың айқын фавориті Хорватия құрамасы саналғанымен, есепті бірінші болып жапониялықтар ашты. 43-минутта Дайдзэн Маэда нәтижелі соққымен көзге түсті. Үзілістен кейін Иван Перишич 56-минутта есеп теңестірді. Ойын қосымша уақытқа ұласып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. 11 метрлік соққыны орындау кезінде хорваттар 3:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Ал оның қарсыласы Бразилия мен Оңтүстік Корея матчының жеңімпазы болады, ал ойын 9 желтоқсан күні өтеді.