BasSport.kz сайты өз оқырманына жаңа жоба ұсынады

BasSport.kz сайты өз оқырманына жаңа жоба ұсынады
Хоккей

BasSport.kz ақпараттық-спорттық сайты өз оқырманына “Timeout” деп аталатын жаңа жоба ұсынады. 

”Timeout” жобасы елге белгілі спортшылар, білікті бапкерлер мен спорт менеджерлері, сала мамандарымен жасалған сұхбаттарды ұсынады.

Жобаның әр кейіпкері жаңа қырынан ашылып, өз жанкүйеріне жақындай түседі. 

Ал “Timeout” жобасының алғашқы шығарылымында “Барыс” хоккей клубының шабуылшысы Диас Гусейновпен сұхбат жасалды. Бір қызығы, бұл - қазақстандық хоккейшілермен құрылған алғашқы қазақ тіліндегі сұхбат.