Жапония - Хорватия, Бразилия - Оңтүстік Корея матчтарының тікелей көрсетілімі

Жапония - Хорватия, Бразилия - Оңтүстік Корея матчтарының тікелей көрсетілімі
Футбол

Бүгін Катардағы әлем чемпионатының 1/8 финалдық ойындары аясында Жапония мен Хорватия, Бразилия мен Оңтүстік Корея құрамалары арасында екі матч өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Хорватия мен Жапония арасындағы матч Эль-Вакрде өтеді, ол Астана уақытымен 21:00-де басталады және оның тікелей көрсетілімі “Qazaqstan” және “Qazsport” телеарналарында көрсетіледі.

Елорда уақытымен 01:00-де басталатын Бразилия мен Оңтүстік Корея құрамаларының ойынын “Qazaqstan” және “Qazsport” телеарналарынан көруге болады. 

Екі матчтың жеңімпаздары әлем біріншілігі жартылай финалының жолдамасын өзара сарапқа салады.