"Алда тағы бір маңызды ойын күтіп тұр": "Барыстың" жеңісті матчынан кейінгі дәстүрлі бейнежазба жарияланды

Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымының кезекті ойынында астаналық "Барыс" өз айдынында "Салават Юлаевты" қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матчтың соңғы үш минутында камбэк жасап, жеңіске жеткен елордалық клубтың киім ауыстыратын бөлмесінен дәстүрлі бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды  bassport.kz  тілшісі.