Виктор Козлов: "Кем құрамдағы ойын жеңіліс табуымызға себеп болды"

Виктор Козлов:
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында "Барыс" пен "Салават Юлаев" (2:1) командалары арасындағы матчтан кейін, уфалық команданың бас бапкері Виктор Козлов жеңілістің себебін түсіндірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

- Бірінші кезеңді жақсы өткіздік. Екінші жиырма минуттықта қарсылас көп шабуыл жасай бастағанымен, біз қорғаныста жақсы ойнап, шабуылдарға тосқауыл бола білдік. Үшінші кезеңдегі кем құрамдағы ойын қарсыластың екі ұпайды еншілеуіне мүмкіндік берді.

- Осымен «Барыстан» үшінші рет қатарынан жеңіліс таптыңыздар. Командаңыз үшін қарсыластың ойнау стилі ыңғайсыз ба? Жеңілістердің қандай да бір заңдылығы бар ма?

- Өткен ойында да сан басымдығы қорытынды нәтижеге ықпал еткен. Бүгін «беске-бес» форматында кейбір сәттерді назардан тыс қалдырдық деп айта алмаймын. Бізді артық құрамдағы ойын арқылы жеңіп кетті.

- Бір шайба басымдығына ие бола тұрып, «Салават Юлаев» өте сылбыр ойнаған жоқ па? Команда есепке қарай ойнауды ерте бастамады ма?

- Біз есепті еске ала отырып, ойнаған жоқпыз. Орталық алаңда сауатты ойнауға тырыстық. Жақсы қарымта шабуылдар ұйымдастырып, керемет мүмкіндіктерге иелік еттік. Үшінші кезеңде төрт рет айдыннан қуылу матчта жеңіліс табуымызға әсер еткенін қайталап айтқым келеді.