Астанада хоккейден жасөспірім командалары арасында халықаралық турнир өтеді

Астанада хоккейден жасөспірім командалары арасында халықаралық турнир өтеді
Хоккей

2023 көктемде Астана қаласында жасөспірім командалары арасында халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Турнирге әлемнің үздік елдерінің жасөспірім командалары қатысады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ кеше, яғни 1 желтоқсан күні республикалық жарыстарда U14 және U15 жас категорияларында өнер көрсетіп жүрген талантты хоккейшілер үшін оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылатыны белгілі болды. Мұндай жоба Қазақстанда тұңғыш рет жүзеге асырылайын деп отыр.