Мексика құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Мексика құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Футбол

Футболдан Катардағы әлем чемпионатының С тобындағы Сауд Арабиясы - Мексика құрамалары (1:2) арасындағы ойыннан кейін,  Херардо Мартино өзінің Мексика ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Төреші матчтың соңғы ысқырығын шалған уақытта менің келісімшартым аяқталды", - деді Мексика ұлттық құрамасының бас бапкері Херардо Мартино. 

Мексика құрамасы Сауд Арабиясын 1:2 есебімен жеңгенімен, плей-офф кезеңіне жолдама ала алған жоқ. Команда 28 жылда бірінші рет әлем чемпионатының топтық кезеңінен әрі аспады.