Месси Марадонаны басып озды

Месси Марадонаны басып озды
Футбол

Футболдан Катардағы әлем чемпионатының 3-тур ойындары аясында С тобындағы Польша мен Аргентина (0:2) құрамаларының кездесуі Лионель Мессидің рекорд жаңартуына мүмкіндік берді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 


Польшамен кездесу Мессидің әлем чемпионаттарындағы 22-ойыны еді. Бұл - футболдан Аргентина құрамасы үшін жаңа рекорд. Бұған дейін Диего Марадона әлем біріншіліктерінде 21 матч өткізген. Осылайша, Месси Марадонаны басып озды.