Аргентина мен Польша плей-офф кезеңіне өтті

Аргентина мен Польша плей-офф кезеңіне өтті
Футбол

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының С тобындағы 3-тур ойындары аяқталып, плей-офф кезеңіне жолдама алған құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Мексика екінші кезеңде Энри Мартин (47’) мен Луис Чавестің (52’) соққан екі голының арқасында Сауд Арабиясын 2:1 есебімен жеңді. Ал Сауд Арабиясының құрамынан Аль-Давсари (96’) нәтижелі соққының авторы атанды. 

Польша мен Аргентина құрамалары арасындағы ойында Алексис Мак Аллистер (46’) мен Хулиан Альварес (68’) польшалықтардың қақпасына жауапсыз екі гол соғып, командасын жеңіске жеткізді.

Осылайша, әлем чемпионатының 1/8 кезеңіне С тобынан Аргентина мен Польша құрамалары өтті. Аргентина топтан 6 ұпай жинаса, Польша 4 ұпай еншіледі. Мексиканың да қоржынында 4 ұпай болған, бірақ Польша құрамасы қосымша көрсеткіштер арқылы басып озып, плей-офф кезеңі жолдамасының иегері атанды.