Тунис Францияны жеңді, бірақ 1/8 финалға өте алған жоқ

Тунис Францияны жеңді, бірақ 1/8 финалға өте алған жоқ
Футбол

Футболдан әлем чемпионатының D тобындағы 3-тур ойындары аяқталып, плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар анықталды. Тунис Францияны 1:0 есебімен жеңгенімен, бұл топтық кезеңнен әрі асуға жеткіліксіз болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Тунис - Франция - 1:0

58' - Вахби Хазри - 1:0

Сөйтіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне D тобынан Франция мен Аустралия құрамалары жолдама алды.