"Зенниттің" бұрынғы жаттықтырушысы қазақстандық клубпен келісімшарт жасасты

Футбол

Ақтаулық "Каспий" футболы клубы жаңа жаттықтырушы - "Зениттің" бұрынғы бапкері Евгений Тарасовпен келісімшарт жасасқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

"Каспий футбол клубының негізгі командасына жастармен жұмыс атқаратын бапкер болып Қазақстандық маман Тарасов Евгений Александрұлы тағайындалғанын хабарлаймыз. Евгений Александрұлы біздің отбасымызға Ресей чемпионы "Зенит" командасынан келген болатын. Қазақстанның бірнеше клубтарында және де Ұлттық құрамада өнер көрсеткен Евгений Александрұлына сәттілік тілейміз. Қош келдіңіз", - делінген ресми хабарламада.