Сербия құрамасы әлем чемпионаты рекордының иесі атанды

Сербия құрамасы әлем чемпионаты рекордының иесі атанды
Футбол

Сербия ұлттық құрамасы футболдан әлем чемпионаттарында негізгі ойын уақытына қосылған минуттарда екі гол соққан алғашқы команда атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Алдымен алғашқы таймға қосылған уақыттың бірінші минутында, яғни 46-минутта  Страхиня Павлович гол соқты. Араға 2 минут салып Сергей Милинкович-Савич Камерун қақпасына екінші голды соғып, көзге түсті.